АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Құрбан айттың алғашқы күнінде 40 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Оның ішінде қой – 6 740, ірі қара – 603, ешкі – 318, түйе – 9. Ел бойынша 40 156 отбасыға құрбандық еті таратылды.
Айта кетейік, биыл карантин кезінде онлайн форматта құрбандық шалу үшін qurban2021.kz сайты іске қосылды.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Бұл жобаның мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну", - деп мәлімдеді ҚМДБ.
Биыл Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр.