Қоғам

Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желідегі қазақтар жайлы: намысыма тиеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Жазылу
Жамбыл облысының әкімі мемлекеттік тілдің проблемасы бір қол қоюмен шешілмейтінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлеуі үшін не істеу керек екенін айтты.

Әкімнің сөзінше, қазақтардың өз ана тілінде сөйлеуі әр адамның өзіне байланысты.

"Егер әрбір қазақ өзінің қазақ екенін ұмытпаса, қазақша сөйлесе, істеген іс-әрекетінің бәрі қазақша болса, әрине, бұл мәселе шешіледі. Одан кейін ең бастысы оның жүрегі қазақ деп, Қазақ елі, Қазақстан деп соғуы керек. Бірақ, өкінішке қарай ондай жоқ қой", -деді әкім журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-каналына берген сұхбатында.

Сапарбаев мемлекеттік тілдің проблемасы бір қол қоюмен шешілетін мәселе емес екенін атап өтті.

"Оған жағдай жасау керек. Қазір бізде 78 процент қазақ болса, соның 70%-і қазақша сөйлеуі керек. Үйінде, отбасымен, немересімен. Қазақтың дәстүрін, салтын, әдет-ғұрпын баланың бойына сіңіру қажет. Мысалы біз отырып алып, бір-бірімізді жамандаймыз. Егер кінәлі болса, жамандаса түсінемін, онда құқық қоғау органдарына бер, жемқор ма, басқа ма, тексерсін. Шынын айтсам, кейде намысыма тиеді. Көп адам "мен көріндім, атым шығып қалды" деп ойлайды. Бірақ әлеуметтік желіні тек қазақтар оқымайды ғой, басқалар да бар.

Мен әруақытта айтамын: неге біз бір-бірімізді шұқылай береміз. Неге бізге орыстар немесе түріктер тиіспейді. Шындығына келсек, әлеуметтік желіде тек қазақ пен қазақ айтысады. Оның да бір реті болуы керек қой", - деді Сапарбаев.

Жаңалықтар
0