Әлем

Қазақстандық делегация Ресеймен ғарыш саласын дамыту мәселесін талқылады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКосмический аппарат "Гонец-М"
Космический аппарат Гонец-М - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Жазылу
Қол қойылған құжаттардың бірі Қазақстан аумағында "Гонец" спутниктік жүйесі негізінде байланыс технологияларын қолдануды қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың басшылығымен "Қазақстан Ғарыш Сапары" акционерлік қоғамы МАКС-2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салонында қатысып жатыр.

Бейбіт Атамқұлов пен "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин арасындағы кездесуде тараптар ғарыш саласын дамытудағы ынтымақтастықты одан әрі талқылады, деп хабарлады "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Кездесуден кейін "ҚҒС "ҰК" АҚ, "Главкосмос" АҚ және "Гонец" жер серіктік жүйесі" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Құжат ғарыш қызметінің әртүрлі салаларындағы үш компанияның, оның ішінде Қазақстан аумағындағы "Гонец" жер серіктік жүйесі базасында жер серіктік байланыс технологияларын пайдаланудағы ынтымақтастықты қарастырады", - делінген хабарламада.

Тараптар ғарыштық әзірлемелер мен зерттеулер саласындағы әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты өзара дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 Айта кету керек, биыл салон 20-25 шілде аралығында өтеді. МАКС-2021 келушілері ұсынылған экспонаттардың, зымыран тасығыштардың, ғарыш аппараттарының және басқа әзірлемелердің макеттерімен таныса алады.

Жаңалықтар
0