НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Кейбір адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, екіншісінен бас тартып жатады. ММУ биология факультеті вирусология кафедрасының профессоры Алексей Аграновский Sputnik радиосына берген сұхбатында екінші дозаны салдырмаудың салдары туралы айтты.
"Бұл эпидемиология тұрғысынан дұрыс емес. Бір ғана компонентті салдырса, иммунитет әлсіздеу болады", - деді ол.
Маманның айтуынша, вакцинация курсын толық аяқтамағандар коронавирус жұқтыруға бейім тұрады. Мұндай адамдар үшін, әсіресе, "дельта" штамм өте қауіпті.
"Неге екі екпе алу керек? Вакцина "ухань" штамы үшін жасалды, бірақ кейін "дельта" штамм келді. "Спутник V" вакцинасының бастапқы штамға қарсы тиімділігі 90 және одан да көп пайызды құрады. Ал "дельтаға" 80%. Бұл бәрібір де көп. Мұның бәрі жұмыс істеу үшін схема бойынша вакцина салдыру қажет", - деп кеңес берді Аграновский.