НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Коронавирусқа қарсы вакциналаудың паспортын қолдан жасау елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дүйсенбіде Тоқаевтың қатысуымен елдегі эпидемиологиялық жағдайға арналған кеңес өтіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Президент вакциналаудың жалған паспорты иммундау үдерісін баяулататын өзекті мәселе екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл жағымсыз құбылысты таратудың кез келген әрекетін жедел түрде ауыздықтау маңызды. Жұмыс басталды, оны жалғастыру керек, деп толықтырды Тоқаев.
"Вакциналау паспортын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр", - деп президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың сөзінен үзінді келтірді.
Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігі жанынан жұмысты үйлестіретін, тұрғындардан ақпарат алатын және өңдейтін ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырды.