Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Президент коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отырғанын, соңғы күндері жүздеген адам көз жұмғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру екенін айтты.

"Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды", - деді президент коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

Айтуынша, вирусқа қарсы күресте аға буын, бірақ ең жаманы балалар зардап шегіп жатыр.

Тағы оқыңыз: COVID-19: президент ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырды

"Бұл қауіптен өзіңді және жақындарыңды қорғаудың жалғыз жолы – вакциналау. Әлемдік медицина әзірге басқа әдіс ұсынған жоқ, жақын келешекте де ұсынуы екіталай.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс", - деді Тоқаев.

Ол үкіметке кеңесте көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Қабылданған шаралар туралы бір ай ішінде баяндауды сұрады.

Жаңалықтар
0