Қоғам

Қазақ қызы "Славян базарына" қатысу үшін 23 келіге арықтаған

Рухия Байдүкенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Рухия болашақта авторлық әндері мен бейнебаяндарын шығаруды жоспарлап отыр, халықаралық продюсерлермен жұмыс істеуге де қарсы емес

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде гран-при жеңіп алған қазақстандық Рухия Байдүкенова байқауға қатысу үшін 23 келі салмақ тастағанын айтты.

Онлайн брифинг кезінде 22 жастағы қазақстандық "Славян базарын" бала кезінен көретінін айтты.

"Мен анама осы байқауға қатысып, жеңімпаз болған алғашқы қазақстандық қыз атанатынымды бала кезден айтып жүретін едім. Конкурсқа қатысуға моральдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да дайындалдым. Мен 23 келіге арықтадым", - деді орындаушы.

Рухия болашақта авторлық әндері мен бейнебаяндарын шығаруды, әлемдік телевизиялық байқауларда бақ сынауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ қазақстандық қыз халықаралық продюсерлерден ұсыныс түсіп жатса, қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Рухияның "Славян базарындағы" жеңісі

Рухия Байдүкенова "Славян базары" байқауының бас жүлдесін ұтып алды. ХХХ халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында награданы қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады.

Байқауға отыздан аса елдің әншілері қатысты. 22 жастағы талдықорғандық қыз Қазақстан атынан өнер көрсетті. Оның диапазоны - бес октава.

Бірінші орынды сербиялық әнші, екінші орынды украиналық орындаушылар алды. Ал үшінші орынды Словакия мен Әзірбайжан бөлісті.

Қазір Рухия Қазақ ұлттық өнер университетінде "Эстрадалық вокал" мамандығы бойынша үшінші курста оқиды. 

2014 жылы ол "Жас қанат" республикалық жас орындаушылар байқауының финалисі атанды, ал 2015 жылы "Еуразия жұлдыздары" және "Астана дауысы" халықаралық байқауларында бірінші орын алды. Рухияның дауыс диапазоны бес октавадан тұрады.

Жаңалықтар
0