Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көше спортына арналған колизей ашылды

© Photo : официальный сайт акимата Нур-СултанаМальчик с баскетбольными мячами
Мальчик с баскетбольными мячами - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2021
Жазылу
Екі деңгейлі мультифункционалды аренада қала тұрғындары мен қонақтары баскетбол, футбол ойнап, осы спорт түрлерінен жарыстар өткізе алады

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "NS street life" атты көше спортына арналған колизей ашылды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

"Нұр-Сұлтанда алғаш рет "NS street life" атты көше спортына арналған колизей ашылды. Бұл екі деңгейлі мультифункционалды арена. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары баскетбол, футбол ойнап, осы спорт түрлерінен жарыстар, сол сияқты бокс және би турнирлерін өткізе алады. Екінші қабатта көлеңкелі шатырлар орналасқан", - деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

"NS street life" көше спорты колизейі Алматы ауданында Мұңайтпасов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында (Отан қорғаушылар алаңы маңайы) орналасқан. Колизейдің жанында коньки алаңын ашу жоспарланып отыр.

"Қалада жаңа орындар ашу, сол сияқты бұрынғы орындарды сақтау өте маңызды. Есіл өзенінің жағалауы бойындағы саябақта  балалар мен ересектерге арналған тағы бірнеше аймақ абаттандырылды: төбешіктер, "питон" ойын аймағы (арқан конструкциясы), үлкен құмсалғыш, түрлі ойын элементтері, ересектер үшін демалуға арналған тыныш аймақтар және т.б. ашылды. Сонымен қатар бұл ауданда өзен мен аймақ көрінетін екі қабатты бақылау алаңы орнатылды. Ол аумақтан алыс емес жерде көпір асты кеңістік (Сарайшық бойында) орналасқан. Онда баскетбол, воркаут, йога алаңдары, футбол алаңы және т.б. бар", - деді Көлгінов.

Оның айтуынша, биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынады. Олардың жартысына жуығы дайын.

Жаңалықтар
0