Олар қазақстандық спортшыларды тіркеу, орналастыру және тамақтандыру мәселесін шешті.
Олимпиада ауылының барлық үйінде 3 880 бөлме бар, оның әрбірінде екіден сегіз спортшыға дейін тұрады.
ҰОК спорт дирециясының басшысы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, Олимпиада ауылында спортшыларға өте жақсы жағдай жасалған.
"Тамақ беру пункті, демалыс аймағы, фитнесс-орталық пен емхана бар. Сонымен қатар спорт нысандарында атлеттердің жаттығу кестесі әзірленген. Барлық спортшы мен делегацияның өзге мүшелері тіркелді", - деді ол.
Олимпиада ауылының нысандары қалай жұмыс істеп тұрғанын және жапондар спортшыларды қалай қарсы алып жатқанын видеодан көріңіздер.