Қоғам

Депутаттар Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента РК
Здание парламента РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2021
Жазылу
Депутаттар көңіл айту жеделхатында Асхат Нұсқабайдың еліміздің консулдық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Сенат және мәжіліс депутаттары ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты.

"Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің және сенат депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы парламентінің уәкілетті өкілі Асхат Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты", -  деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

© Photo : parlam.kzАсхат Нұсқабай
Депутаттар Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2021
Асхат Нұсқабай

Сенат төрағасы көңіл айту жеделхатында дипломат әрі мемлекет қайраткерінің ерен еңбегін атап өтті.

"Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай ұзақ уақыт сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Ол біздің еліміздің консулдық қызметін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысы жоғары бағаға лайық", - делінген жеделхатта.

Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин дипломатиялық қызметте мол тәжірибесі бар Асхат Жарылқасынұлының Қазақстан мен Қырғызстанның, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынасын нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.

"Қазақстан Республикасы парламентінің өкілетті өкілі - ТМД ПАА Кеңесі бас хатшысының орынбасары лауазымында ТМД елдері арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті. Еліміздің патриот азаматы Асхат Жарылқасынұлы туралы жарқын естеліктер жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады" – деді Нығматулин.

Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінде 1997 жылдан бері еңбек етті. "I класты кеңесші" дипломатиялық дәрежесі бар. 2017 жылдың қазанда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі бас хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы парламентінің уәкілетті өкілі болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0