Қоғам

Вакцина салдырмағандардың баласын алып кетеді деген ақпарат тарады – ресми жауап

© Photo : министерство внутренних дел Республики КазахстанШкольный автобус
Школьный автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Маусымда 515 мектеп автобусы сатып алынатыны белгілі болды – кейбір қолданушылар бұл автобустар балаларды сабақтан алып кету үшін қажет,  бұл оларды вакцина алуға мәжбүрлеу үшін жасалады деген пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде мектеп автобустарын сатып алу туралы жаңалықты талқылап жатыр. Олардың кейбірінің пікірінше, көлік ата-аналардың келісімінсіз балаларды эвакуациялау үшін пайдаланылмақ. Бұл жалған ақпарат, деп жазды Stopfake.kz.

Жеңілдетілген шарттармен 515 мектеп автобусын сатып алу туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биыл маусым айының соңында мәлім еткен болатын.

Бірақ бұл хабарды естігенде ата-аналардың бәрі бірдей қуанған жоқ. Instagram-да кейбірі бұл автобустар балаларды сабақтан алып кету үшін қажет, ал ата-анаға баласының қайда екені айтылмайды, бұл оларды COVID-19 қарсы вакцина алуға мәжбүрлеу үшін жасалады деген пікір білдірді.

Білім және ғылым министрлігі бұл болжамдарды жоққа шығарды. Ведомство өкілдері кейбір балаларға мектепке жету қиын болғандықтан жаңа автобустар сатып алу қажеттіліктен туындағанын хабарлады.

"Балаларды мектепке және үйге тегін тасымалдау арқылы олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Бұған 21 мыңнан астам оқушы мұқтаж, олар үшін 758 бірлік автокөлік тасымалы қарастырылған. Соңғы үш жылда автобус паркі 203 бірлікке жаңартылды. Бүгінгі таңда автокөлік сатып алу қажеттілігі әлі де сақталып отыр. Бұл мәселені шешу үшін мектептерді автобустармен қамту жөніндегі жол картасы аясында автобус паркін жаңарту жоспарланған", – деп түсіндірді БҒМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мектеп автобустары балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін ғана пайдаланылмақ. Көлікті басқа мақсаттарда пайдалану жоспарда жоқ.
Демек елімізде ата-аналарды вакцинациялауға мәжбүрлеу мақсатында балаларды мектептен жасырын түрде әкету үшін автобустар сатып алынатыны туралы пікірлер негізсіз және шындыққа жанаспайды.

Жаңалықтар
0