Шетелдік, әсіресе Дубайдағы сұлулық салондарында маникюр кезінде қыз-келіншектердің тырнағына шағын чип орнату бойынша жаңа қызмет үлкен сұранысқа ие болып келеді.
Smart Nail деп аталатын бұл жаңашылдықтың ерекше артықшылығы бар. Микрочип тырнаққа оңай орналастырылады және оны қолдану әдісі де қарапайым. "Ақылды маникюрді" тырнақтың кез келген дизайнымен үйлестіруге болады.
Көп жағдайда чипті жасанды тырнаққа бекітіп, содан кейін ол тырнақты клиенттің өз тырнағының үстіне жабыстырады.
Мұндай жоғары технологиялық маникюр иелері "тылсым күшке" ие болады: олар қолын икемдеу арқылы есепшоттағы ақыны төлеп, мессенджер мәліметтерін жолдай алады және электронды құлпы бар есіктерді аша алады. Ол үшін небәрі чип орнатылған саусақты қажетті құрылғыға жақындату қажет.
Smart Nail туралы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.