Қоғам

Елімізде қанша адам вакцинадан кейін коронавирус жұқтырды

© REUTERS / BENOIT TESSIERСотрудник лаборатории ставит пробирки с пробами для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории ставит пробирки с пробами для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Вакцинадан кейін барлығы 3 165 адам індетке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Вакцинадан кейін барлығы 3 165 адам індетке шалдықты. Оның ішінде бірінші компоненттен кейін 1684 науқас, екінші компоненттен кейін 1481 адам вирус жұқтырды", - деді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Ол вакциналар бойынша ауырғандар санын нақтылады:

  • "Спутник V" – 2791 адам;
  • QazVac –  59 адам;
  • Hayat-Vax –  293 адам;
  • Coronavac – 18 адам.

"Бүгінде елде 4,8 миллионға жуық адам вакцина салдырса, соның тек 0,06 проценті ғана вирус жұқтырып отыр. Яғни вакциадан кейін ауырғандар саны өте төмен, бұл вакцинацияның тиімділігін дәлелдейді", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда балаларға вакцина салынуы мүмкін

Осыдан бір апта бұрын денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан кейін 2 212 адам COVID-19-ға шалдыққанын хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0