АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалыс күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
City Transportation Systems-тің хабарлауынша, 17-18 шілдеде қалалық және қала маңындағы маршруттар жүрмейді. Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда вакцина алмаған қызметкерлерге жұмысқа келуге тыйым салынды – жаңа қаулы
Ал Алматы қаласында қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.
"Құрметті алматылықтар! Көптеген сұраныстың түсуіне байланысты демалыс күндері қалада қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз", - делінген Алматы қаласы мобилділік басқармасы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, кейінгі бір тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 1 549 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, ал Алматыда 885 науқас тіркелді.