НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуіне шектеу енгізіледі.
Бұл талап тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес.
Шектеу қандай ұйымдар үшін енгізіледі:
- қызмет көрсету жөніндегі объектілер (халыққа қызмет көрсету орталықтары "Қазпошта" АҚ бөлімшелері;
- екінші деңгейлі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пунктері, ломбардтар;
- сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары;
- фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар;
- типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер;
- халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
- мәдениет және демалыс объектілері (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
- халықтың тұруы бойынша қызмет көрсететін саланың нысандары (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқа);
- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілер, стрит-фудтар;
- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
- дәріхана ұйымдары;
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
- демалыс объектілері, ойын-сауық объектілері (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
- байланыс және телекоммуникация объектілері.
Жаңа қаулы бүгін, 15 шілдеден бастап күшіне енді.