Қоғам

Қазақстандық мұғалімдер тегін цифрлық курстардан өтеді

© AP Photo / Thanassis StavrakisМұғалім, сынып
Мұғалім, сынып - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Мұғалімдер курста цифрлық білім беру технологияларын пайдаланып, сабақты жобалау әдістемелерін үйренеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектеп мұғалімдері үшін тегін цифрлық курстар әзірледі.

Онлайн-курстар 2 тамызда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Пандемия жағдайында мұғалімдердің рөлі, қоғамдағы орны мен еңбегі одан әрі айқындала түсті. Цифрландыру заманында мұғалімдердің ІТ құзіреттіліктерін арттыру қажет. Курс педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған", - деді БҒМ "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.

Оның айтуынша, курс бағдарламасы Еуропалық білім қорымен бірлесіп әзірленді. Қор сарапшысы бейнепедагогика негіздері бойынша сессия өткізіп, бейнематериал жасауға қатысты әдістемесін бөліседі.

Тағы оқыңыз: Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды

Цифрлық курстар білім министрлігінің www.edu.kz платформасында орналастырылады.

Сондай-ақ Microsoft Kazakhstan, Bilim Media Group және Kundelik оқыту курсы аясында педагогтерге арналған бейнедәрістер әзірледі.

Қазақстандық мұғалімдер Финляндия мен Оңтүстік Кореяның білім беру процесіне инновациялық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен танысады. Курста педагогтерді цифрлық білім беру технологияларын пайдалана отырып, сабақты жобалау әдістемелеріне үйретеді.

Сондай-ақ мұғалімдер ActivStudio, Pictochart, Jamboard, Prezi, Flippity сандық бағдарламаларын кәсіби түрде меңгеріп, ұлттық білім беру дерекқорының ресурстарын пайдалануды үйренеді.

Жаңалықтар
0