Қоғам

Токио Олимпиадасына қатысатын боксшылар анықталды

© Photo : Пресс-служба Казахстанской федерации боксаВасилий Левит на ЧМ-2017 по боксу в Гамбурге
Василий Левит на ЧМ-2017 по боксу в Гамбурге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Токио – 2020 ойындарында бокстан сайыс 24 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Токиодағы олимпиада ойындарында Қазақстан атынан бокс бөлімі бойынша тоғыз қазақстандық ел намысын қорғайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.

Олимпиадаға баратын боксшылар тізімі:

  • Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)
  • Серік Теміржанов (57 келіге дейін)
  • Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін)
  • Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)
  • Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін)
  • Бекзад Нұрдаулетов (81 келіге дейін)
  • Василий Левит (91 келіге дейін)
  • Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)
  • Надежда Рябец (75 келіге дейін)

Токио – 2020 ойындарында бокстан сайыс 24 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль ойнатылады.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі

Токио – 2020 бағдарламасына спорттың бес жаңа түрі енді: бейсбол, каратэ, серфинг, құзға шығу және скейтбординг.

Жаңалықтар
0