Қоғам

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді – жаңа қаулыда не айтылған

© Sputnik / Владислав ВодневАстанчане в Ботаническом парке во время карантина
Астанчане в Ботаническом парке во время карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Демалыс күндері елордадағы мейрамханалар, кафелер, фитнес-орталықтар, театрлар, қоғамдық көліктер жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік дәрігері Сархат Бейсенова қаулы қабылдады, оған сәйкес карантиндік жаңа шектеулер 17 шілдеде күшіне енеді.

Оған сәйкес, ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіріледі.

"Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакциналау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Бұл ретте COVID-19 -ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған,  сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкерлердің  күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі", - делінген қаулыда.

Қалалық қоғамдық көлік сенбі және жексенбі күндері жүрмейді.

Діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтаумен, оның ішінде ашық ауада мешіттер, православие шіркеулері және басқа діни объектілер аумағында бұқаралық шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге, сондай-ақ 30-дан аспайтын адамның қатысуымен еске алуды өткізуді қоса алғанда "Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күндері осы пунктте көрсетілген барлық объектілердің жұмысына тыйым салынады. 

Оқи отырыңыз: Карантин кезіндегі айт намазы: қандай шектеулер енгізілді

ЖОО және колледж студенттерінің бітіру емтихандарын қашықтық режимінде тапсырылады. Жоғары оқу орындары мен колледждерде бітіру кештерін ұйымдастыруға және өткізуге және дипломдарды офлайн режимде тапсырылады. 

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл аймаққа" тұр. Күн сайын қалада коронавирус жұқтырған 1000-нан астам адам анықталады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан аурудың таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Жаңалықтар
0