Қоғам

Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

CC0 / Paul O'Rear / Библиотека, наука
Библиотека, наука - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Елбасы Әбсаттар қажы Бағысбайұлы саналы ғұмырын ғылым жолына, діни ағарту саласына арнаған парасаты биік, пайымы жоғары, ақжарқын азамат болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде - Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Әбсаттар қажы Дербісәлінің өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Еlbasy.kz сайты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі өмірден озды

Назарбаев Әбсаттар қажы Бағысбайұлы саналы ғұмырын ғылым жолына, діни ағарту саласына арнаған парасаты биік, пайымы жоғары, ақжарқын азамат болғанын атап өтті. 

"Жеделхатта көрнекті дінтанушының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде мүфтият жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, елімізде дінаралық татулық пен ұлтаралық келісімнің нығаюына зор үлес қосқаны айтылған", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев  Әбсаттар Дербісәлінің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Жаңалықтар
0