НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Ер адам Каспий теңізінің түбінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.
Жергілікті "Тайфун" дайвинг орталығының мәліметінше, қос ғашық 14 шілде таңертең суасты саяхатына шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қыз су астында кенеттен бір қорапқа тап болды. Оның ішінде "маған тұрмысқа шықшы" деп жазылған, гүл де болған. Қыз келісімін берді. Осыдан кейін ер адам сүйіктісінің қолына сақина тақты.
Дайвинг орталығы нақтылағандай, қыз бен жігіт теңіз түбіне алғаш рет саяхат жасап отыр.
Бұған дейін жас жігіт Каспий жағалауында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Алайда қыз бас тартты.