Өңірлер

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / Sam YehСильный ветер
Сильный ветер - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Синоптиктер жұма күні кейбір өңірлерде ауа райы бұзылатынын ескертті. Найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, 16 шілдеде күндіз Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.

16 шілдеде Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

16 шілде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғады. Кей жерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Оралда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні – 18 м/с.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 16 шілдеде Атырау облысында 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 16 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болады.

Жаңалықтар
0