Оқиға

Атырау облысында екі көлік соқтығысты – жолаушы тірідей жанып кетті

© pixabayКолесо автомобиля
Колесо автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Жол апаты салдарынан бес адам түрлі дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Атырау–Астрахань тасжолында екі көлік соқтығысты. Апат салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

Сәрсенбі, 14 шілдеде күндіз 1996 жылы туған ер адам жүргізген Toyota Ipsum мен 1957 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota Highlander соқтығысты.

Жол апатынан соң Toyota Ipsum өртке оранған. Салонда қалған әйел сыртқа шыға алмай, жанып кетті.

Сондай-ақ жол апаты кезінде бес адам түрлі дене жарақатын алды.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзуының адам өліміне әкеп соғуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0