НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Елорда тұрғыны Виталий Лозовскихтің коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті туралы мәліметтерін емханада жоғалтып алған, деп жазды ол Facebook-те.
"Спуниктің бірінші компонентін 7 мамырда алдын ала жазылу арқылы салдырдым. Енді міне екінші компонентін алу үшін келген болатынмын, бірінші кезеңдегі мәліметтерім енгізілмеген болып шықты. Маған тағы 1-компонентті алуды өтініп, 2-ші кезеңді күтуім керек екен", - дейді тұрғын.
Емханадағы келіссөздерден кейін ол вакцинаның екінші компонентін алды. Алайда паспортта вакцинаның екі компонентін алған күн бірдей боп жазылған.
© PhotoСкриншот
Скриншот
© Photo