Қоғам

"Вакцина алғандар 2 жылдан кейін қайтыс болады": әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады

© REUTERS / BENOIT TESSIERСотрудник лаборатории ставит пробирки с пробами для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории ставит пробирки с пробами для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Әр адам ресми ақпаратты қолданып, шешім қабылдағаны жөн, дейді маман

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі маманы Манар Смағұл вакцинаға қатысты бірқатар сауалға жауап берді. Оның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адам 2 жылдан кейін қайтыс болады деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Вакцина салдыру туралы ойланып жүрген адам көп. Ал осындай фейк ақпарат соған кері әсерін тигізеді. Вакцинацияны денсаулық сақтау саласында бірінші жыл қолданып отырған жоқпыз. Балаларға қызылша, қызамық, пневмококқа қарсы вакцина салынады, ол өзінің тиімдігін көрсеткен. Коронавирус вакцинасына тоқталсақ, мұның қолданылып жатқанына жарты жылдай болды. Сол себепті екі жылда өлім-жітім болады деген – фейк. Оған нақты деректер жоқ. Қайтадан ревакцинация жүргізу керек пе, жоқ па – зерттеліп жатқан дүние", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

Оның сөзінше, вакцина салдырған адамдар арасында науқастанғандардың санының аз болуы – ақпараттың жалған екенінің бір дәлелі.

"Коронавирус жұқтырғаннан кейін (вакцина салдырғанмен салыстырғанда – Sputnik) бір-екі апта ішінде өліп кету мүмкіндігі жоғары. Сол себепті әр адам ресми ақпаратты қолданып, шешім қабылдағаны жөн", - дейді маман.

Сонымен қатар Манар Смағұл вакцинаның бірінші бөлігін алғаннан кейін коронавирус жұқтырған науқастарға қанша уақыттан кейін екінші бөлігін салдыру қажет екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 4 өңірде карантин күшейтіледі – комиссия шешім қабылдады

"Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін науқастанған адамдар бар. Мұндай жағдайда коронавирустан сауыққанша оған вакцина салынбайды. Аурудан жазылған соң 6 ай өткеннен кейін дәрігердің кеңесінен кейін екінші бөлігін алуы мүмкін. Бұл аралық 3 айға дейді қысқартылды, шешімді әр адам дәрігермен кеңесе отырып қабылдайды", - деп атап өтті ол.

Азамат вакцинаның бір бөлігін бір аймақта салдырып, басқа елді мекенге көшкен жағдайда екінші бөлігін сол жерде салдыра алады.

"Қазақстан бойынша бірінші бөлігін Алматыда алса, екіншісін салдыру қажет кезде басқа жақта болса, сол жақта салдыра алады. Себебі ақпараттық жүйе ортақ. Ал шетелге кетсе, елге оралған соң алады", - дейді Манар Смағұл.

Жаңалықтар
0