НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустың таралуына қатысты үш болжамды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Эпидемиологиялық жағдайды (КВИ "Дельта" штамының белсенді таралуын) және вакцинамен қамтуды ескере отырып, денсаулық министрлігі эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты.
"Осылайша, пессимистік сценарий бойынша 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны 400 мыңға жуық адамды (орташа есеппен тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары) құрамақ", - деп жазды министр.
Екінші реалистік сценарийне сәйкес 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны шамамен 355 мың адам (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары) болмақ.
Оқи отырыңыз: Жалған вакцина паспортын сатып алған қазақстандық жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
"Ал оптимистік сценарий бойынша 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адам (орташа есеппен тамыз айында ең жоғары жағдай тәулігіне 5 мыңға жуық) болуы мүмкін", - деп атап өтті Цой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.