Қоғам

Тоқаев демалысын қайда өткізіп жатқаны белгілі болды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Ол президент лауазымына кіріскен сәттен бері екі жыл және үш ай ішінде тек бір рет, 2019 жылдың шілдесінде үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде  – Sputnik. Қазақстан президенті қысқамерзімді демалысын Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізуде. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.

" Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады", - деді Уәли.

Тоқаев президент лауазымына кіріскен сәттен бері екі жыл және үш ай ішінде тек бір рет, 2019 жылдың шілдесінде үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шықты.

Былтыр жазда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелеріне демалысты ұмытуға кеңес берді. Елде коронавирус індеті өршіп тұрған еді. Министрлер мен әкімдердің алдына эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру міндеті қойылды. Мемлекет басшысы шенеуніктерге "еңбек демалысы, демалыс деген сөздерді ұмытыңдар" деген болатын.

Жаңалықтар
0