Қоғам

Экс-министр Біртановты үйқамақта ұстау мерзіміне қатысты ақпарат шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдікке ілінді. Айыптаушы тараптың мәлімдемесі бойынша, Біртанов жұмыс істемейтін ақпараттық платформаны қабылдаған және санавиация ұшғанымен заңсыз ұшқан

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Елордадағы сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақта болу мерзімін кезекті рет созды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәрсенбі, 14 шілдеде сот бүгін аяқталуы керек үйқамақта ұстау мерзімін созу туралы мәселені қарады. Экс-министрге қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында қаралды.

Прокурор Санат Талқанбаев айтқандай, Біртанов ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу 7 шілдеде аяқталып, танысып шығу үшін қылмыстық іс материалдары процеске қатысушыларға жолданды. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, іс бойынша жәбірленушілерге енді 133 томнан тұратын көлемді қылмыстық іспен танысуға тура келеді.

Осыған байланысты 14 шілдеге, яғни Біртановтың үйқамақта болу мерзімі аяқталатын күнге дейін қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтау мүмкін болмады, деп мәлімдеді прокурор.

"Біртанов сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет өрескел бұзғанын, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп  күдікке ілінгенін есепке ала отырып, соттан күдікті Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегіне дейін созуды сұраймын", - деді прокурор.

Біртановтың адвокаттары өз кезегінде үйқамақта болу мерзімін ұзартуға қарсы екендерін жеткізді. Судья Алмат Бабатов кеңесу бөлмесіне шығып, содан кейін өз шешімін жариялады.

"Судья күдікті Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегіне дейін созу туралы қаулы етеді", - деді судья Бабатов.

Оқи отырыңыз: Біртанов бюджет қаражатын жымқырмаған болып шықты

Судьяның пікірінше, Біртанов бостандықта болса, қылмыстық істі объективті тергеуге кедергі келтіруі (өз бетінше немесе сенім танытқан тұлғалар арқылы) немесе сот пен тергеуден жасырынуы мүмкін.

Біртановқа қандай айып тағылды

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен отставкаға кетті (ол 2017 жылдан бері осы қызметті атқарды). Экс-шенеуніктің ұсталғаны туралы қарашаның басында белгілі болды: сол айда Біртановты үйқамаққа алу туралы шыққан шешім күні бүгінге дейін созылып келеді.

Бастапқыда Біртанов мемлекет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Алайда сотқа дейінгі тергеу аяқталуына бес күн қалғанда бұл бап "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануға" өзгертілді.

Қаржы мониторингі агенттігінің нұсқасы бойынша, Біртанов науқастар, дәрілер мен медициналық бұйымдар туралы мәліметтерді біріктіруі керек жұмысқа жарамсыз платформаны қабылдаған және пайдалануға берген. Қазір аталған платформа жұмыс істеп тұрған жоқ. Ал орындалмаған жұмыстар құны 4,1 миллион АҚШ долларын немесе 1,5 миллиард теңгені құрап отыр, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінде.

Сонымен қатар Біртановқа 2020 жылдың маусымында Тараздан Нұр-Сұлтанға жету үшін санавиация ұшағын заңсыз қолданғаны бойынша өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Жаңалықтар
0