Өңірлер

Шымкентте мектеп салған кәсіпкер 5,5 миллион теңге жымқырған

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает деньги
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтерді көрсетіп есеп ұсынған

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Шымкент қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті мектеп салуға бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады.

Орта мектеп "Жұлдыз" тұрғын алабында салынуы керек болған.

"Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер көрсетіп есеп ұсынғаны белгілі болды. Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 миллион теңгені құрады", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қызметкер 43 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Жаңалықтар
0