Қоғам

Бір топ жанкүйер Димашты Минск әуежайында қарсы алды – видео

Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Димаш Құдайберген Беларуське ұшып келді, онда жақында көптен күткен "Славян базары" өнер фестивалі өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Минискіге ұшып барды. Халықаралық әуежайда оны жақын және алыс шетелдерден келген жанкүйерлері қарсы алды.

"Минск" ұлттық әуежайында Димашты Беларусь жанкүйерлері қарсы алды, олар оны 2015 жылдан бері қолдап келеді.

Оқи отырыңыз: Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Димашқа алғыс айтты

Белорусьтардан басқа, Димашты Қазақстан, Ресей, Болгария және Швеция Dears-і де болды.

"Мен Беларуське қайта оралғаныма өте қуаныштымын! Қазір Dears-пен кездесулер өте сирек болғандықтан, олардың әрқайсысы қазына сияқты. Түнгі рейске қарамастан, Dears-ті көргеннен кейін мен қайтадан қуаттандым. Қазір фестивальдің басталуын асыға күтудемін", - деді Димаш.

Ертең, 15 шілде күні Витебскіде Димаштың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді, ал сол күні сағат 20:30-да "Витебскідегі Славян базары" XXX халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылуы басталады.

Жаңалықтар
0