Әлем

Тәлібтер келіссөз жүргізуге келісе ме

© Sputnik / Александр Хроленко Утренний Кабул
Утренний Кабул - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Тәлібтер ресми Кабул тек әкімшілік орталықтарды ғана басқарып отырғанын, ал ауылдарда эмират билігі жүріп тұрғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Америка әскері ауған жерінен шығарылғаннан кейін үкімет қарулы қарсыласпен бетпе-бет қалды. Бұл 32 жыл бұрын Ауғанстаннан Кеңес армиясының шектеулі контингенті кеткен кездегі оқиғаға ұқсап отыр, деп жазды РИА Новости.

Ауған халқында АҚШ пен НАТО әскерінің елден кетуін талап еткен табандылық үшін ұлттық мақтаныш туындағанмен, тәлібтер өз эмиратында қандай тәртіп орнатқанын барлығы жақсы біледі.

Америкалықтар жиырма жыл бойы тәлібтермен соғысты. Сондықтан оларға көмектесетін ниеттері болған жоқ. Ауғанстанның қазіргі билігінің Вашингтонның ыңғайына жығылуы жақсылыққа алып келген жоқ. Себебі олар өз халқын емес, АҚШ-ты билік деп таныды. Енді одақтастардың әскері елден кеткен кезде белгісіздік туындады. Бұл жайлы жергілікті саясаткерлер де айтып келеді.

Командующий Афганской национальной армии (АНА) Дост Назар Андараби в бинокль наблюдает за форпостом, установленным против боевиков Талибана в Каджаки, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Тәлібтер тәжік шекарасын бақылап отыр: әрі қарай не болмақ

Кабул – қоршаулар қаласына айналған. Себебі мұндағы барлық ресми ғимарат қоршауда тұр. Айнала батырлардың портретіне толы. Ахмад Шах Масудты жиі кездестіруге болады. Кабулдық сатушыдан "жергілікті балалар үшін кім мықты – масуд па әлде Спайдермен бе?" деп сұрағанда ол: "Балалар мультфильм көреді. Бірақ бәрібір олар үшін Масуд мықты. Себебі елде соғыс жүріп жатыр, ал Масуд – батыр. Балалар соғыстың не екенін біледі. Ата-аналары түсіндіреді, олардың айналасы - соғыс" деп жауап берді.

Масуд "Ауғанстанның ислам қауымдастығы" атты саяси партияның командирі болған. Бұл партияны елдегі танымал саясаткер Бурхануддин Раббани құрған. Раббани Ауғанстан президенті қызметін атқарған. Кейінірек қақтығыс жылдарында (1996-2001) "Талибанға" қарсы соғысқан Солтүстік Альянсты басқарды. Ол 2011 жылы тюрбанына жарылғыш зат салып кірген жанкештінің әрекетінен көз жұмды. Бурхануддиннің ұлы Салахуддин Раббани ішкі істер министрі қызметін атқарды. Қазір әкесі құрған "Ауғанстанның ислам қауымдастығы" партиясына жетекшілік етіп отыр.

Салахуддин Раббани ел 1990-шы жылдарға қайта оралды деп ойламайды.

"Халықаралық қауымдастық Ауғанстан халқының жағында тұр. Ал тәлібтер көп нәрсені жариялай береді. Алайда халық олардың жүйесін, дінді мұншалықты бұрмалауды қабылдамайды. Екінші жағынан – түрлі қауымдастық өкілдері бар инклюзивті үкімет болуы керек. Ауғанстан – мультиэтникалық ел және бұл алуантүрлілік біздің күшіміз", - дейді ол.

Члены афганской семьи внутренне перемещенных лиц, которые покинули свой дом во время продолжающегося конфликта между Талибаном и афганскими силами безопасности - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Әлем
Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма – министрлік жауабы

"Ауғандықтар шетелдік күш бұл жақта мәңгілік тұрақтап қалмайтынын жақсы түсінді. Алайда әскерді қалай шығарғаны біз күткендей болмады, бұл жауапсыздыққа толы қадам болды. Дохадағы келісімнен кейін әскер тез арада кете бастады да, тәлібтер күшіне еніп, елде келісімге қатыспаған үкімет қалды. Бейбіт келіссөздер және оқ атуды доғару бойынша ешқандай ілгерілеу болған жоқ. Тәлібтердің қазіргі қарқынына қарамастан, олар әлі кері шегінеді. Соғыста жеңілу оларды келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүрлейді", - деп отыр.

Ауған мәселесін соғыспен шешу мүмкін емес. Қалай болғанда да бір ымыраға келу қажет болады. "Талибан"* мұны біліп отыр.

* Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0