Өңірлер

Ақсуда әйел мен оның екі баласын өлтіріп кетті: полиция күдіктіні ұстады

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Тергеу барысында 36 жастағы күдіктінің марқұм әйелмен таныс екені анықталды

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында полиция әйел мен оның екі баласын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары кезінде  әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдікпен ер адамды ізін суытпай ұстады. Заттай айғақтар мен қылмыс құралы тәркіленді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу барысында күдіктінің марқұм әйелмен таныс екені анықталды.

"11 шілде түнгі сағат 3-те екеуінің арасында жанжал шыққан, қаланың 36 жастағы тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше рет пышақ сұққан. Сол сәтте балалар шудан оянған, ер адам оларға да пышақ жарақатын салған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында бір топ жігіт жасөспірімді пышақтап кетті

Күдікті Ақсу қаласында изоляторға қамалды.

Айта кетейік, бұған дейін әйел мен оның 7 және 5 жасар екі баласының мәйіті 12 шілдеде сағат 11.40-та Ақсу қаласындағы пәтерден табылғаны хабарланды.

Жаңалықтар
0