Әлем

ММА спортшысы өз камерасынан өлі табылды

Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Ол балалар порнографиясын таратқаны үшін айыпталған. Бірнеше күн бұрын төрт айыптың екеуін мойындамақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Ironman лақап атымен белгілі америкалық ММА спортшысы Трэвис Фултон түрмедегі камерасынан өлі табылды. Ол балалар порнографиясын таратқаны және кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін айыпталған.

Ол бұған дейін бірнеше күн бұрын төрт айыптың екеуін мойындамақ болған. 

Мәйітті сою процедурасы әлі жасалған жоқ. Алайда полицейлер спортшы өз-өзіне қол салды деген болжам айтып отыр, деп жазады Lenta.ru.

Фултон спорттық карьерасын 1996 жылы бастаған. Барлығы 320 кездесу өткізіп, 255-інде жеңіске жетті.

CC BY-SA 4.0 / /wikimedia.org / ММА спортшысы Трэвис Фултон
ММА спортшысы өз камерасынан өлі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
ММА спортшысы Трэвис Фултон

ММА-ден бөлек, бокс шаршы алаңында 75 жекпе-жекке шығып, 25 рет қарсыласынан басым түсті. 48 мәрте жеңіліп, екі рет есеп тең болған.

Фултон өзінің YouTube-каналын жүргізді. Ол бұған дейінгі жекпе-жектерінің видеосы жариялап отырыпты.

Ол Владимир Матюшенко, Форрест Гриффин, Андрей Орловский, Сергей Спивак, Алексей Кудин, Джефф Монсон, Рикко Родригес, Бен Ротвелл, Дэн Северн, Рич Франклин, Ренато Собрал, Пит Уильямс сынды белгілі спортшылармен жекпе-жек өткізген.

Жаңалықтар
0