НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Бұл жолы өзгерістер мегаполисте спорттық шаралар мен марафондар өткізуге қатысты болып отыр.
- Ashyq қатысушылары ұйымдастырған ашық ауадағы марафонға 30 адамнан көп қатыспау керек;
- Ashyq қатысушылары өткізетін спорттық шараларға көрерменнің ең көбі 20 проценті толуы тиіс.
Шаралар бүгіннен бастап күшіне енді.
Бұған дейін Бекшин 9 сәуір - 8 шілде аралығында мегаполисте Ashyq арқылы "қызыл" статусы бар 792 адам кәсіпкерлік нысандарына кірмек болғанын айтқан еді. 220 адамда "сары" түс көрсеткен. Бекшиннің айтуынша, Ashyq жүйесінің арқасында коронавирус жұқтырған 323 адамды анықтау мүмкін болды.