Өңірлер

Атырауда ескерткіш үстіне шығып кеткен ер адам мүсінді құлатты – видео

© Photo : ATPress.kzМужчина забрался на памятник в Атырау и повалил его
Мужчина забрался на памятник в Атырау и повалил его - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Жағдай туралы куәгер хабарлап, оқиға орнына полицейлер жетті. Ер адам Орал қаласының тұрғыны екені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Атырауда мас ер адам жылқы мүсініне шығып, ескерткішті құлатты, деп хабарлайды atpress.kz.

Сәтбаев көшесінде болған жағдай туралы куәгер хабарлады. Оқиға орнына жеткен полицейлер мүсінді құлатқан адам Орал қаласының тұрғыны екенін анықтады.

"Ер адам нысанға зақым келтірді. Сол үшін бес тәулікке қамауға алынды", - деді полицияда.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі және 440-бабының 3-бөлігіне сәйкес, хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке ұсталды", - деді Атырау облыстық полициясы. 

Бұған дейін Павлодарда мас ер адам Абай Құнанбаев ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған болатын. Кейін ескерткішті өзі жуды.

Бұл әрекеті үшін тұрғын 7 тәулікке қамалды.

Жаңалықтар
0