Қоғам

Қазақстанда түрмедегі бейнекамераларға 3,7 миллиард теңге бөлінеді

© Sputnik / Владислав ВодневВидеокамеры на улицах столицы
Видеокамеры на улицах столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Бұл сомаға 30 мыңнан астам видеокамера, тіркеуіш, коммуникатор мен өзге де техника сатып алынады

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 33 мыңнан астам цифрлы бейнекамера орнату қажет. Бұған шамамен 4 миллиард теңге жұмсалады, деп мәлімдеді қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының басшысы Бибігүл Мұңайтпасова.

"Мекемелердегі көрінбейтін аймақтарды толығымен жою үшін 33 мыңнан астам цифрлы бейнекамера қажет. Биыл қылмыстық-атқару жүйесінің 29 мекемесіне бейнекамера орнату үшін 3,7 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді", - деді ол брифингте.

Бейнекамера 2023 жылға дейін үш жыл бойы сатып алынады. Оған қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ашық конкурс өткізеді, барлық тілек білдіруші қатыса алады.

"Бөлінген сома бейнекамералардың өзіне ғана емес, сонымен қатар бейнебақылау жүйесі онсыз жұмыс істей алмайтын тіркеуіш, коммутатор, басқару серверлерін де қамтиды", - деп толықтырды Мұңайтпасова.

Оқи отырыңыз: Алматыда тергеу изоляторынан қашқан сотталушы ұсталды

Сонымен қатар бұл сомаға қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне арналған бейнетіркегіштер кіреді.

Жаңалықтар
0