Қоғам

Рейстен кейін 9 жасар бала қайтыс болды: қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпарат

© AFP 2022 / HECTOR RETAMALПассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото
Пассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Air Astana  мәліметінше, баланың анасы әуекомпания қызметкерлеріне ұшақта ауырып қалған ұлының ауыр диагнозы туралы хабарламаған

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. 9 шілдеде Шымкент-Алматы рейсі кезінде ұшақ бортында болған тоғыз жасар бала ауырып, ұшып келген кезде қайтыс болған еді. Air Astana әуекомпаниясы қайғылы жағдайға қатысты жаңа ақпарат жариялады.

Баланың анасы әуекомпанияға баланың ауыр жағдайы мен диагнозы туралы ескертпеген. Әйел ұшақ қонған кезде ғана кресло мен көмек сұраған, сондай-ақ ұлының денсаулығы туралы айтпады, деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

"Ұшу кезінде кенеттен бала ауырып, бозарып кетті. Бортсеріктер көмек көрсету талаптарына сәйкес бортта дәрігерлердің бар-жоғы туралы хабарландыру жасады. Алайда бортта медицина қызметкерлері болмаған. Содан кейін, ережелерге сәйкес, бортсеріктер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Атап айтқанда, балаға оттегі берілді. Ұшақтың төмендеуі кезінде оның жағдайы одан әрі нашарлағаннан кейін дефибрилляторды қолданып, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді", - деп мәлімдеді компания.

Содан кейін ұшақ командирі ішкі істер органдарына хабарлап, апат жағдайын жариялады. Оның өтініші бойынша қонуға айрықша басымдық беріліп, бортты жедел жәрдем дәрігерлері күтіп алды. Өкінішке қарай, бала қайтыс болды.

Кейіннен балада қатерлі ісік ауруы болғаны белгілі болды. Әуекомпания уәкілетті органдардың оқиғаға қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

Әуекомпания басшылығы болған оқиғаға қайғырып, Аіг Astana атынан баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Шымкент-Алматы рейсінде баланың жағдайы нашарлап, жеткен соң көз жұмды

"Жолаушыларға әуекомпанияның барлық экипажы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге оқытылғанын хабарлаймыз. Әр ұшақта алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер бар. Алғашқы медициналық көмек жинағының құрамы қатаң реттелген. Сондай-ақ белгілі бір дәрі-дәрмекті дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ол үшін экипаж бортта дәрігерлердің бар-жоғы туралы хабарландыру жасайды. Сондай-ақ жолаушылар әуекомпанияны ұшуға қарсы көрсеткіштер және жолаушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ауыр аурулар мен жағдайлар туралы хабардар етуге міндетті", - деп толықтырды Air Astana.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 9 шілдеде болды. Шымкент – Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортында анасымен бірге ұшқан тоғыз жасар бала ауырып қалды. Ұшақ қонғаннан кейін оны дәрігерлерге тапсырды, бірақ бала қайтыс болды.

Жаңалықтар
0