Қоғам

Шетелдегі қазақтарды қорғау туралы заң қабылдана ма

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Қазіргі таңда шетелдегі қазақтардың статусын анықтау туралы заң жобасы пысықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов шетелдегі қазақтарды қорғау туралы заң қабылдана ма деген сұраққа жауа берді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шетелдегі қазақтарды қорғау – ол енді басқа елдің азаматы ғой. Сондықтан олардың мүдделерін қорғау аздап қате шығар. Олармен мәдени-гуманитарлық байланыс орнату – басқа мәселе. Дегенмен шетелдегі қазақтардың статусын анықтау туралы заң жобасы қазір пысықталып жатыр", - деді ол.

Отандастар қоры өз ұсыныстарын құзырлы органдарға жолдаған.

Тағы оқыңыз: Шет елдерде қанша этникалық қазақ тұрады

"Біздың қор жанынан қоғамдық комиссия құрылғанын білесіздер. Осы қоғамдық комиссияда бұл мәселелер талқыланды. Қоғамдық комиссияның негізінде 400-ге жуық ұсынысымыз тиісті министрлікке берілді. Бұл адам тағдырына, мемлекеттік жұмысқа байланысты болғандықтан заң қабылдау мәселесі өте күрделі. Ол парламентте қаралуы керек. Сол бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Әзірге мен ештеңе айта алмаймын", - деді Сарбасов.

Бұған дейін вице-президент шет елдерде 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұратынын мәлімдеген еді.

Жаңалықтар
0