Қоғам

Шет елдерде қанша этникалық қазақ тұрады

© Sputnik / Владислав ВодневМатч сборных Казахстана и Беларуси на чемпионате мира по хоккею первого дивизиона
Матч сборных Казахстана и Беларуси на чемпионате мира по хоккею первого дивизиона - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Әртүрлі мәліметтер бойынша шетелде 5 миллионнан 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Шет елдерде 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұрады. Бұл туралы Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шетелдегі қандастар –  қазақ ұлтының бірден бөлігі. Әртүрлі мәліметтер бойынша шетелде 5 миллионнан 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұрады. Қазір олардың нақты санын анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ Сарбасов Отандастар қоры құрылған сәттен бастап шетелдегі қазақтарды біріктіретін ұлттық-мәдени орталықтарды түгендеу жұмыстарына кіріскенін атап өтті.

Айтуынша, дүнижүзінде 250-ге жуық қазақ мәдени орталығы бар, соның 150-і белсенді жұмыс істейді. Бүгінде олардың барлығымен байланыс орнатылып, 70-тен аса орталықпен тиісті меморандумдар бекітілді.

Оқи отырыңыз: "7 миллион қазақтың үлесін ұмытпау керек": қоғам қайраткері үкіметке ұсыныс жасады

Бұған қоса, былтыр Омбы, Ташкент, Ыстанбұл, Киев және Берлин қалаларында Абай үйі ашылды.

Осы жылдың соңына дейін "Абай үйлерін" қандастар көп шоғырланған Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында, Ресейдің Астрахань, Қырғызстанның Бішкек қалаларында ашу жоспарланып отыр. Алайда мұның бәрі сол елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады, деді Сарбасов.

Жаңалықтар
0