НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Семейдегі Ертіс өзенінің жағасында сегіз жасар қыз жоғалып кетті.
Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға таңертең әкесімен бірге өзенге кеткен 8 жасар қызын табуға көмектесуді сұрап жүгінді. Белгілі болғандай, әкесі белгісіз біреулермен алкогольдік ішімдік ішкен. Бала қараусыз қалған.
Оқи отырыңыз: Алматы тауларында жоғалған қыз табылды
Осы хабарламаны алғаннан кейін қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы мен ұлттық ұлан сарбаздары "дабыл" белгісі бойынша кәмелетке толмаған баланы іздеуге кірісті. Іздеу шаралары түні бойы жалғасты.
Таңертең қыз сол күні өзен жағасында болған әйелдің пәтерінен табылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, ол анасымен бірге.