Қоғам

Азаматтық берілген жоқ: Қытайдан қашып келген қандастардың тағдыры не болады

© Sputnik / Айгюзель Кадир В Астану приехал караван
 В Астану приехал караван - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Қазір ішкі істер министрлігі оларға жағдай жасау бойынша тиісті өзгерістерді қарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов Қытайдан қашып келген қандастардың ендігі тағдыры не болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қастер Мұсаханұлына, Мұрагер Әлімұлына және Қайша Ақанға Қазақстан Республикасының азаматтығы берілмейтін болды. Оларды енді Қытайға қайтара ма? Жалпы осындай мәселелер қалай реттеледі?", - деп сұрады журналист дүйсенбі күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Мен нақты айта аламын: бұл бауырларымызды Қытайға қайтару мәселесі қаралып жатқан жоқ. Мүлде. Біздің бауырларымыз босқын мәртебесін алған еді. Олар елде тұруға, жұмыс істеуге құқылы", - деп жауап берді Сарбасов.

Айтуынша, қазір ішкі істер министрлігі оларға жағдай жасау бойынша тиісті өзгерістерді қарап жатыр. Келесі жылдан бастап олардың еркін жүріп-тұруына, елге шығып немесе қайтып келуіне жағдайлар жасалады.

Бүгінгі таңда бұл жұмыстар пысықталып жатыр, деп сендірді вице-президент.

Оқи отырыңыз: Қытайдан қашып келген қандастарға босқын мәртебесі берілді

Еске салсақ, 2019 жылы қазан айында екі қандасымыз Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан қашып келді. Сол кезде оларды екі айға қамауға алды. Қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты оларды бір жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сот үкіміне дейінгі қамауда болған күндері екі күнге саналатын болды.

2020 жылдың маусымында Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Семейдегі колониядан босап шықты. Қазан айында екеуіне босқын мәртебесі берілді.

Жаңалықтар
0