Өңірлер

Балқаштағы "топпен зорлау" ісі: полиция келіншекті детектормен тексерді

© Sputnik / Абзал КалиевЗорлық-зомбылық, иллюстративті сурет
Зорлық-зомбылық, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Полиграфтың жауабы жас әйелдің мәлімдемесімен сәйкес келмеген. Тергеу амалдары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғынын "топпен зорлау" ісіне қатысты жаңа деректерді бөлісті.

Полицияның мәліметінше, жәбірленушінің жауабы полиграф арқылы тексерілген. Тексеріс кезінде жәбірленушінің қасында адвокаты болған. Күдіктілер де осы процедурадан өтті.

"Полиграфтың қорытындысына сәйкес, жәбірленуші жауабының көбі шындыққа жанаспайды. Әйтсе де полиция қызметкерлері барлық қажетті сараптаманы тағайындады, тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді облыстық полициядағылар.

Жүргізілген шаралар барысында полицейлер алты куәгерден жауап алды. Оларды жәбірленушімен бетпе-бет жүздестірді.

Сондай-ақ полиция келіншек пен күдіктілердің жүрген жолындағы барлық бейнебақылау камерасын қарап шықты. Онда жәбірленушіні ешкім күштемегені көрінеді.

"Алынған нәтижелер жәбірленушінің жауабына қайшы келіп тұр", - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті Балқаш тұрғындарын, БАҚ өкілдері мен блогерлерді күні бұрын қорытынды жасамай, соңғы шешімді күтуге шақырды.

"НеМолчи.kz" қоры не деп жауап берді

"НеМолчи.kz" қоры құқық қорғау органдарының ресми мәлімдемесімен келіспей отыр.

Қоғам өкілдері полициядан баспасөз хабарламасында жәбірленушінің ауыр психожарақаты барын, жауап алудан кейін өзін нашар сезінгенін неге жазбағанын түсіндіруді талап етті.

Тағы оқыңыз: Далаға апарып, түні бойы зорлаған: екі баланың анасы жантүршігерлік оқиға туралы айтты

"Неге сіздің қызметкерлеріңіз өз біліксіздігі мен мүдделілігін жасыруға тырысып, масқара баспасөз хабарламасын жариялап отыр, сіздер сарапшысыздар ма? Сіздер психолог-криминалист емес, қарапайым полицейсіздер", - делінген қордың жауабында.

Олар ІІМ басшысына үндеу жасап, жұмысқа психологтар консилиумын тартуды сұрады.

Балқаштағы зорлау оқиғасы

Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғыны, екі баланың анасы өзін екі ер адам зорлағанын айтты. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Оқиға 23 маусым түнде болған. Сол күні кешке келіншек балаларына айран мен нан алу үшін дүкенге барған. Үйіне қайтар жолда оны екі ер адам пышақпен қорқытып, көлікке күштеп отырғызып алып кеткен. Ер адамдардың бірі әйелдің танысы болып шықты.

Күдіктілер әйелді далаға апарып, түні бойы зорлаған. Бұған қоса оны ұрып-соғып, темекімен денесін күйдірген. Ал таңға жақын оны айдалаға тастап кеткен. Қалаға жету үшін әйел 7-8 сағат жаяу жүрген.

25 маусымда жәбірленуші полицияға арызданды. Алайда күдіктілер әйелмен жыныстық қатынасқа екіжақты келісіммен түскенін айтып отыр.

Жаңалықтар
0