Өңірлер

Ashyq-пен анықталды: "қызыл" статусы бар алматылықтар қай жерге жиі барады

© Sputnik / Владислав ВодневПриложение ASHYQ
Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Көп жағдайда тамақтану орындарына, фитнес-орталықтарға, кинотеатрларға және әуежайға келушілерден "қызыл" статус анықталады

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 2021 жылы 9 сәуір мен 8 шілде аралығында қоғамдық тамақтану нысандарында Ashyq жүйесі арқылы сканерлеу кезінде "қызыл" статусы бар 323 адам тіркелгенін хабарлады.

Сондай-ақ фитнес, бассейн орындарында – 164 адам, кинотеатрда – 79 адам, сауда ойын-сауық орталықтарында 24 адам, ХҚКО келушілердің арасында "қызыл" статусы бар 21 адам анықталды.

"Біз қала азаматтарынан коронавирустың таралуына қарсы күресте көмек көрсетуді, вакциналауды және Ashyq жүйесіндегі нысандарға бару үшін міндетті түрде тіркеуден өтуді тағы да сұраймыз. Сондай-ақ коронавирустың бар екені анықталған жағдайда әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғамдық орындарға бармауға шақырамыз", - деді Жандарбек Бекшин.

"Тәртіп бұзушыларға 10 маусымнан бастап 32 адамға отыз айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Өткен аптада 10 айыппұл салынды", - деді Бекшин.

Оның сөзінше, көп жағдайда "қызыл" статус тамақтану орындарына, фитнес-орталықтарға, кинотеатрларға және әуежайға келушілерден анықталады.

Жаңалықтар
0