Қоғам

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі

© REUTERS / DADO RUVICФлаконы с вакцинами от коронавируса Pfizer - Biontech, Johnson & Johnson, Sputnik V
Флаконы с вакцинами от коронавируса Pfizer - Biontech, Johnson & Johnson, Sputnik V  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасын жеткізуді тапсырған еді

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Алматылықтар қазір коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдыра алады. Сұранысқа ие "Hayat-Vax" пен "CoronaVax" қалада таусылды. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сондай-ақ Табынбаев Pfizer вакцинасының қалаға қашан жеткізілетіні туралы сауалға жауап берді.

Оның сөзінше, Алматы вакцина салдыру бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр. Соған байланысты Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілген жағдайда дереу қалаға жеткізу мәселесі қарастырылады.

"Pfizer вакцинасына дүние жүзінде жақсы баға беріліп отыр, оған Қазақстанда сұраныс көп. Президент денсаулық сақтау министрлігіне осы вакцинаның Қазақстанға келуін тездетуді тапсырды. Вакцинаның қашан келетінін, қандай көлемде келетінін білмейміз. Өкінішке қарай мұндай ақпарат жоқ", - деді Нариман Табынбаев.

Айта кетейік, 12 шілдеде қалада 9 418 адам вакцина алды. Ал бірінші ақпаннан бері қала бойынша вакцинаның бірінші компонентін 585 116 адам салдырды. Қазір қалада 212 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр.

10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасын жеткізуді тапсырды. Президент былтыр тиісті тапсырма бергенін, алайда Қазақстанға бөлінген Pfizer вакцинасы жеткізілмей қалғанын айтты.

Ал келіссөздердің нәтижесі бойынша компания биыл мамырда вакцинаның 2 миллион дозасын жеткізіп беруді жоспарлаған.

Жаңалықтар
0