Оқиға

Оралда төтенше оқиға болған жерде түсірілген видео тарады

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи на дороге
Автомобиль скорой помощи на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2021
Жазылу
Екі күн бұрын Оралда Деркөл-2 станциясы маңында ер адам жүк пойызының астына түсіп, екі аяғынан айырылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Оралда пойыз астына түскен зейнеткер аяғынан айырылды, деп жазады "Мой город" порталы.

Төтенше оқиға жексенбі, 11 шілде күні, депо маңында болған. 80 жастағы зейнеткер пойыз астына қалай түскені айтылған жоқ. Теміржол құрамы соғылғанда ер адамның миы шайқалып, сол аяғының жіліншігі сынған.

Ауруханада зейнеткердің аяғын ампутация жасауға тура келді. 

Көліктегі полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға Орал станциясы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі ("Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережесін бұзу") бойынша қарастырылып жатыр. Тексеріс жүргізілуде.

Екі күн бұрын Оралда Деркөл-2 станциясы маңында ер адам жүк пойызының астына түсіп, екі аяғынан айырылған болатын.

Жаңалықтар
0