НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Ақтөбе полициясы Қазақстанның тәжік-ауған ардагерлері одағының төрағасы Мұрат Мұхамеджановты бес тәулікке қамауға алды.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мұхамеджанов Ақтөбедегі шекарашылар саябағында әскери шекарашыларға арналған монументтен КСРО елтаңбасын жұлып алған. Оқиға осы жылдың 27 мамырында болды. Ол елді қорғап, қаза болған әскерилерді құрметтемейтінін көрсетті, делінген ақпаратта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция монумент Отан қорғаған барлық жауынгер шекарашыларға арналғанын және мемлекеттік шекараның құлсұқпаушылығын білдіретінін атап өтті.
"Бұл құқықбұзушылық үшін учаскелік инспекторлар полицияның қалалық бөліміне Мұрат Мұхамеджановты жеткізді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес ("ұсақ бұзақылық") хаттама толтырылды. Арнайы жасақтардың көмегімен ұсталған жоқ. Мұхамеджанов полицияға қарсылық білдірмеді", - деді жергілікті полиция департаментінде.
Қарастырылған бапқа сәйкес, Мұхамеджанов 5 тәулікке қамауға алынды.
Полиция Мұхамеджановтың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы қоғамдық-саяси көзқарасымен байланысты еместігін атап өтті.
Астанадағы митинг
Маусым айының соңында Мұрат Мұхамеджанов тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдардың өзге қатысушыларымен бірге тіркелмеген El Tiregi партиясының санкцияланбаған митингісіне қатысты. Астанадағы жиынға шыққандар үкімет пен кейбір депутаттардың отставкаға кетуін талап етті.
Қорғаныс министрлігі бұл әрекетті сынға алды.
1992-2001 жылдар аралығында Тәжікстан және Ауғанстан шекараларында әскери іс-қимылдарға қатысушылар мемлекеттен ардагер мәртебесін беруді талап етуде.
Сол жылдары тәжік-ауған шекарасында можахедтармен қақтығыстар кезінде түрлі мәліметке сәйкес, 43-46 қазақстандық әскери қаза болды.