Көк раушан гүлдер туралы әдебиетте көп жазылған. Ол адам баласының қолы жетпейтін және ешқашан кездеспейтін ерекше құбылыс ретінде сипатталып келді.
Алайда 2004 жылы күлгін әрі көгілдір реңк беретін Blue Moon сұрыпты раушан гүлі өсірілді. Гүлдің бұл түрі Жапонияда гендік модификация нәтижесінде алынды. Алайда адам баласы он екінші ғасырдан бері раушан гүлін көк түске бояу технологиясын меңгерген.
Ғалымдар өсімдіктің бұл түсі эволюция нәтижесінде, яғни тиімді тозаңдану үшін өзгеріс қажет болған кезде көкке айналғанын айтады.
Аралардың көз жанары көк түсті тез көреді. Сондықтан олар осы түстегі гүлдерді бірінші тозаңдайды.
Мамандар өсімдіктердің онлайн-базасын ұзақ уақыт меңгеру нәтижесінде жел немесе жауынның көмегімен тозаңдалатын гүлдердің ешқайсысы көк түсті емес екенін анықтады. Сондай-ақ жануарлар әлемінде де көк пигмент түзе алатын бірде-бір ағза жоқ.
Әлемге әйгілі көк көбелек морфоның (Morpho) қанаттары іс жүзінде меланинге – қара пигментке боялған. Ал олардың көк реңк беруі жәндіктің қанаттарындағы қабыршақтың пішіні және көлбеу орналасуы нәтижесінде пайда болады.
Көк түстің табиғатта кездесетін түрлі көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.