"Талибан" қозғалысының қаупі бұрынғыдан артты ма

© Sputnik / Александр ХроленкоКабул в утреннее время
Кабул в утреннее время - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Жазылу
"Талибан" әскери-діни қозғалысы АҚШ басшылығындағы коалицияны Ауғанстаннан әскерді толық шығаруға мәжбүрледі

Бүгінде тәлібтер елдегі билікті басып алу мақсатында үкіметтік күштермен қиян-кескі соғысқа түсіп, провинциялардың басым бөлігін бақылауында ұстап отыр. Сондай-ақ террористік ұйым халықаралық аренада легитимділікке қол жеткізуд көздеп отыр. 

Тәлібтер делегациясы 8 шілдеден бастап Мәскеудегі келіссөздерге қатысып жатыр. Дәл осы уақытта ҰҚШҰ жедел тобы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың жетекшілік етуімен ықтимал соғыс алдында жергілікті аумаққа шолу жасап жатыр. Ал Ресейдің сыртқы істер министрлігі Тәжікстандағы ресейлік 201-ші әскери база ахуал ушыққан жағдайда жедел әрекет етуге сақадай сай екенін мәлімдеді. 9 шілдеде Подмосковьеде теракт жоспарлаған Ислам мемлекеті* содыры ұсталды.

Военнослужащий армии Афганистана на месте теракта, совершенного в военной академии в Кабуле - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Ауғанстан Орталық Азия елдерінің арнайы жасақтарын біріктіруді ұсынды

Шейх Шахабуддин Делавар жетекшілік ететін төрт адамнан құралған "Талибан" делегациясы Ауғанстандағы жағдайды ресейлік тараппен талқылау үшін Мәскеуге келді. Ресей Ислам республикасының солтүстігінде эскалацияның ушығуына қатысты алаңдаушылық танытты. Алайда қозғалыстың ресми өкілі Мұхаммед Сохаил Шахин тәлібтер Ауғанстан территориясын Ресей мен көрші мемлекеттерге қарсы бағытталған әрекеттер үшін қолдануға жол бермейтінін айтты. "Талибан"* Орталық Азия мемлекеттерінің шекарасын бұзбауға уәде етіп, Ауғанстан аумағындағы шет мемлекеттік дипломатиялық миссиялардың қауіпсіздігіне кепілдік берді.

Еске салсақ, қазір елден шетелдік әскерді шығару процесі аяқталуға жақын қалды. Ауғанстанда АҚШ-тың Кабулдағы елшілігін күзететін 600 америкалық теңіз жаяу әскері ғана қалып отыр.

Тәлібтер Ауғанстан Ислам Республикасы аумағының шамамен 70%-ін бақылауда ұстап отыр. Оның қатарында шекара маңындағы барлық аудан бар және күні кеше елдегі халық ең көп шоғырланған ауданның бірі – оңтүстіктегі Кандагар қаласы да кірді. Әскер толық кеткен соң қозғалыстың жеңіске жететініне күмән жоқ. Бұл көрші жатқан мемлекеттердегі тұрақтылықты шайқалтуы мүмкін.

Генерал-полковник Анатолий Сидоровтың жетекшілік етуімен Мәскеуден Тәжікстанға жеткен ҰҚШҰ жедел тобы екі күн бойы тікұшақ бортынан тәжік-ауған шекарасындағы қауіпке толы аймаққа бақылау жүргізді. Ауғанстанның үкіметтік армиясының әскерилері жаппай тәжік жеріне өткен "Калай-Хумб" шекара жасағына үлкен мән берілді. Аталған жедел  топ ҰҚШҰ форматында бірлескен іс-шаралар бойынша ұсыныс дайындап жатыр. Оған сәйкес Мәскеу жағдай ушыққанда Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында 201-ші ресейлік әскери базаның әлеуетін қолдана алады.

Дворец Амина на окраине Кабула - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Әлем
Ауған мәселесі ушығып барады – Қазақстанға қандай қауіп төніп тұр

ҰҚШҰ-дың алаңдауына себеп жоқ емес. Бейітшілікке үндейтін мәлімдемелеріне қарамастан, "Талибан"* Орталық және Оңтүстік Азиядағы іргелес ілдерге қысым көрсетіп отырған Ислам мемлекеті* және Әл-Каидамен* байланысын үзбей отыр.

Радикалды исламды насихаттайтын "Талибан"* Ауғанстанжы қатаң діни ұстанымдарға негізделген эмиратқа айналдыруды көздеп отыр. Ол ер адамдар үшін сақал қоюды, әйелдердің беті  мен аяқ-қолын түгел бүркеуді, мектепте тек ұл балалардың білім алуын, кез келген қылмыс үшін аяқ-қол шабуды, тәліб заңын өрескел бұзғаны үшін өлім жазасына кесуді міндеттеп, радио, телевидение, кино мен театр сынды дүниелерді харам етіп көрсетеді.

"Талибанмен"* жасалған кез келген бейбітшілік келісімі немесе "шабуыл жасамау туралы пакт" қауіпсіздікке кепіл бола алмайды. Керісінше, жаңа проблемалар туындатуы әбден мүмкін.

"Жаңа тәлібтер" – 1990-шы жылдардағы фанатик студенттер емес, бұл жауынгерлік тәжірибесі мол жақсы жабдықталған жасақтар. Заманауи қару-жарақ, түнде көру құрылғылары, артиллериялық оқ жаудыруға арналған лазерлік бағыттау жүйесі, жеңіл минометтерге миллиондаған доллар жұмсалды. Шетелдік әскери нұсқаушылар жалданып жатыр. Ауғанстан аумағында тәлібтерге тиесілі кемінде 16 мамандандырылған оқу-жаттығу базасы бар. Бүгінде дрон өндірісі де содырлардың қолында. Жасақты  ұйымдастыру,и басқару бойынша бірізді жүйе қалыптасып үлгерген.

Бұл кәсіби әскер. Маусым-шілдеде көптеген уезд соғыс емес, келіссөздер нәтижесінде тәлібтердің қолына өткені де тегін емес. Себебі үкіметтік күштер соғысудан қашып отыр.

"Талибан"* көшбасшылары "мүмкіндіктер дәлізін" анықтап, Тәжікстан мен Қырғызстан басшылығына сыртқы саяси кеңестер беруге тырысып жатыр және Оңтүстік Кавказдағы армян-әзербайжан қақтығысындағы өз позициясын белгілеп отыр. Уақыт өте келе "Талибан"* Өзбекстан, Тәжікстан мен басқа да Орталық Азия елдерінен бірқатар жақтас табуы мүмкін.

Жаңалықтар
0