Қоғам

Министр Сапархан Омаров қызметінен босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр сельского хозяйства Омаров Сапархан
Министр сельского хозяйства Омаров Сапархан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Президент ауыл шаруашылығы министрінің жұмысын сынға алып, қуаңшылыққа байланысты шұғыл және батыл шешімдер қабылдамағанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрі оставкаға кетуі керек – Тоқаев

"Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер көмек сұрап, тікелей маған өтініш айтып жатыр. Әрине, қуаңшылық – табиғи жағдай. Мұны жақсы түсінемін. Дегенмен бұл мәселенің бір жағы ғана. Ең бастысы осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы қажет еді", - деп атап өтті президент.

Оның пікірінше, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.

"Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін  ", - деді Тоқаев.  

Жаңалықтар
0