Желіде жаңа аудиторияны қалай жинау керек – SputnikPro сарапшысының кеңесі

© Sputnik / Владислав ВодневЗаместитель главного редактора - директор Главной дирекции информации МИА "Россия сегодня" Дмитрий Горностаев
Заместитель главного редактора - директор Главной дирекции информации МИА Россия сегодня Дмитрий Горностаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Тәжірибелі журналист қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеу, аудитория назарын аудару мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында SputnikPro ағартушылық жобасы аясында кезекті шеберлік сағаты өтті. Бұл жолы "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің жұмыс барысы талқыланды. Шеберлік сағатын ақпарат агенттігінің бас ақпарат дирекциясының директоры - бас редактор орынбасары Дмитрий Горностаев өткізді. 

Көпжылдық тәжірибесі бар сарапшы әлемдегі ірі жаңалық агенттіктерінде жұмыс қалай жүргізілетінін түсіндірді. Басты талап - жылдамдық және ақпаратты тексеру.

Журналистер ақпаратты оқырманға жеткізу үшін әлеуметтік желіні, Telegram-каналдарды қалай дұрыс қолдану керектігін сұрады. 

"Біздің мамандықта кейбір жұмысты түсіндіру қиын. Дұрыс екенін білесің, тәжірибе болғандықтан, оңай істейсің, интуиция керек", – деді сарапшы.

Горностаев БАҚ өз аудиториясын кеңейту қажет екеніне назар аударды. TikTok-ты "мекендеген" қазіргі жасөспірімдер бірнеше жылдан кейін өз бетінше шешім қабылдап, ньюсмейкер атанады. Ал бұл дегеніміз – оларға ақпарат жеткізіп, оқуға немесе өз ресурсын қарауға үйрету қажет.

"Видео үлкен аудитория үшін қашан да ең сұранысқа ие өнім болды. Мың рет естігеннен бір көрген артық. Алайда өз видеоны мәтінмен толықтыру да өте маңызды. Видеодан естіген қандай да бір фраза уақыт өте ұмытылып, санаңда бұрмалануы мүмкін. Осы кезде мәтін видеода шынымен басқаша айтылғанын түсінуге көмектеседі", - деді ол әлеуметтік желі қолданушыларының қазіргі қызығушылықтары жайлы.

Сондай-ақ Горностаев қазір Instagram жобалар арқылы табыс табудың ең тиімді жолы екенін айтты. Десе де бұл жағынан Telegram-ның потенциалы үлкен.

Ол медиаменеджерлерге журналистерді ынталандыруға жұмсауға болатын сыйақы қорын ашуға кеңес берді.

SputnikPro жобасы туралы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланды. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты.

Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

Жаңалықтар
0