Қоғам

Денсаулық министрлігі неге вакциналау тегін, ал ПТР-тест ақылы екенін түсіндірді

© AFP 2024 / ALFREDO ESTRELLAСотрудница центра массовой вакцинации передает медику шприц
Сотрудница центра массовой вакцинации передает медику шприц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Коронавирусқа қарсы вакциналау тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін қызмет қатарына кіреді, деді министрліктегілер

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова тегін ПТР-тестілеу енгізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Квазимемлекеттік сектор компанияларының вакцинадан бас тартқан қызметкерлерін апта сайын өз есебінен ПТР-тест тапсыруға мәжбүрлеп жатыр. Неге вакцина мемлекет есебінен тегін егіледі, ал ПТР-тестті тұрғындар өз қалтасынан төлеуі керек. ПТР-тестілеуді тегін жүргізу жоспарда бар ма?", - деп сұрады журналистердің бірі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында азаматтарға ақысыз негізде қызмет көрсетіледі. Ал Конституция бойынша коронавирусқа қарсы вакциналау тегін қызметке кіреді", - деп түсіндірді комитет төрағасы.

Есмағамбетова бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен қазіргі уақытта ПТР-тестілеу 12 санат үшін тегін жүргізілетінін айтты.

"Олар клиникалық белгілері бар науқастар, вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, жүкті әйелдер және тағы басқалары. Басқа адамдар үшін тегін ПТР-тестілеу қарастырылмаған. Қазақстандықтарда таңдау құқығы бар: вакцинация немесе ПТР-тест. Егер вакцина салдырса, ол тегін, егер ПТР болса, мемлекет бюджетінен қаржыландырылмайды", - деді Есмағамбетова.

Жуырда Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, 15 шілдеге дейін қызмет көрсету, білім беру, мәдениет, сауда және тағы бірқатар саланың қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсыруға тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген уақытқа дейін екпе алмаған жұмысшылар мен жұмыс берушілер қандай жазаға тартылатынын түсіндірді.

Шағын, орта және ірі кәсіпорындардың жұмысшыларына айыппұл салынбайды. Ал вакцина салдырмаған адамдарды жұмысқа кіргізген кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік хаттама рәсімделеді:

  • жеке тұлғаларға – 5 АЕК (14 585 теңге шамасында),
  • лауазымды адамдарға – 15 АЕК (43 755 теңге шамасында),
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (291 700 теңге шамасында),
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (583 400 теңге шамасында),
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК (1 458 500 тенге).
Жаңалықтар
0